"Еш уайымсыз, көңілді отырған". Прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады

Көркем Алдабергенова 02 июн. 2025 11:55

Прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша жарыссөз барысында екі әйел – Дана Жақсыкелді мен Эльмира Нұрбековаға қатысты жеке қаулы шығаруды сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айыптаушы тараптың мәлімдеуінше, бұл екеуі сот отырысында бірқатар маңызды деректерді әдейі жасырған.

Сәрсембайдың айтуынша, олар шок жағдайында болмаған, керісінше, саналы түрде үнсіз қалған. Бұл тұжырым көліктегі бейнежазбалар арқылы дәлелденген. Атап айтқанда, Абзалдың олармен көлікте отырып, «ауыздарыңнан ештеңе шықпасын» деп айтқаны анық естілген. Алайда сот отырысында әйелдер бұл жайтты мүлде айтпаған.

Прокурор олардың әрекеттерін тиісті процессуалдық шешім қабылдауды қажет ететін мән-жай деп бағалап, жеке қаулы шығаруды ұсынды.

Сонымен қатар, прокурор Дана Сәрсенбай куәгер ретінде жауап берген Қазыкенов пен Розыбаевқа да процессуалдық шара қолдану қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотта сөйлеген сөзінде Шерзатқа пышақ салған Шынасыл екені толықтай дәлелденгенін айтқан еді. 

Оның ішінде күдікті ретінде берген жауабында «Шерзатқа пышақ сұғып алдым» деген сөзі бар екенін еске салды.

Сот отырысы барысында қорғау құқығы бар Жақсыкелдінің және сотталушылардың бірі Абзалдың төбелестен кейін пышағын жуып жатқанын айтқан. Бұл – істегі маңызды эпизодтардың бірі ретінде тіркелді.

Сараптама нәтижесіне сүйенсек, Шерзаттың сол жақ өкпесінің жоғарғы бөлігіндегі жарақат оның өліміне себеп болған және ол денсаулыққа ауыр зиян келтіретін жарақат ретінде бағаланған.

Прокурор сарапшы Халимназаровтың қорытындысын келтіріп, жарақаттың тереңдігі 12 см болғанын, ал Шынасылдан алынған пышақтың жүзі 9,5 см екенін айтты. Сарапшының пікірінше, адамның терісі серпімді болғандықтан, пышақ сабының түбіне дейін кіріп кеткен. Бұл – пышақтың үлкен күшпен салынғанын көрсетеді.

Дана Сәрсенбай Шынасылдың сотты шатастыру үшін әртүрлі жауап бергенін атап өтіп, оның сөзіне сенуге болмайтынын жеткізді. Прокурордың айтуынша, Шерзатқа пышақ салған нақты тұлға – Шынасыл Абзал екені толық дәлелденген. Бұл жайтты екі бірдей сарапшы да растаған.

Сонымен қатар,прокурорлар күдіктілерді қанша жылға соттауды талап еткені белгілі болды. 


Рекомендовать
Последние новости