Сот отырысында Айзат Жұманованың аяусыз соққыдан кейін ауруханаға жеткізілген сәті түсірілген видеожазба көрсетілді,деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кадрларда әйел адамның ес-түссіз күйде мүгедектер арбасымен медициналық мекемеге әкелінгені көрінеді. Видеода оның күйеуі мен енесі де жүргені көрсетіледі.
Тергеу дерегінше, оқиға 22 маусымға қараған түні болған. Айзаттың күйеуі Айбар Жанболат әйелін үйінің маңында қатыгездікпен соққыға жыққан деген күдік бар.
Оқиғадан кейін ер адам әйелін Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізген. Алайда Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.
