Ернар Айдар: «Құрметті лотерея ойынына қатысып, алданып қалған ағайын»

Dalanews 08 окт. 2020 05:41 815

Жалға алынған көліктер мен пәтерлердің ұтысына қатысты жанжалдан кейін әнші Ернар Айдар қамауға алынған болатын. Кейін ол босап шықты. Карантинге байланысты әнші бірнеше айға туған қаласына кетіп қалған болатын.

Әнші өзінің Instagram-ын жүргізбей, жаңалықтарымен бөлісуді тоқтатқан. Ұтыстан жапа шеккен адамдар болмаса, бұл жағдай ары қарай да жалғаса бере ме еді. Елдің түкпір-түкпіріндегі адамдар орындаушының ақшаны қайтарып беруін талап еткені белгілі.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ернардың екінші үйіне айналғандай. Әртіс зардап шеккендерді сабырлық танытып, сот шешімін күтуге шақырды.

– Құрметті лотерея ойынына қатысып алданып қалған ағайын.

Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер маған сеніп лоторея билетін сатып алдыңыздар (ол үшін басымды иіп кешірім сұраймын), Дәл сіздердей мен де ойын ұйымдастырушыларына сеніп алданып отырмын.

Алла бәрін көріп тұр ғой, осы ойынға қатысты менде титтей де болсын арам ой болған емес, сол себепті маған да түсіністікпен қарауларыңызды өтініп сұраймын, – депті.

Әнші өз жазбасында қазір Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде тергеу жұмыстары жүріп жатқанын, ешқайда қашыпғанын,  тергеудің аяқталуын күтіп жүргенін айтыпты.

«Құрметті ағайын, сіздер сатып алған билеттің ақшасына келер болсақ, ол ақшаның бір теңгесі де менде емес. Мен тек жарнама жасадым: ол үшін қатты өкінемін, сіздерден шын жүрегіммен басымды иіп кешірім сұраймын

«Жарнама үшін алған ақшаңды халыққа бермейсің ба? Қайрымдылыққа көмектеспейсіңба? деп сұрап жатқан ағайынға айтарым. Дәл осы жарнама жасап, алған ақшамның атынан мен өздігімше ештеңе істей алмаймын, барлығын заң шешеді. Тергеу бітіп, сот қалай шешім қабылдайды солай болады. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақшаңды қайтар десе қайтаруға дайынмын. Заң жүзінде жарнама үшін алған ақша өзіңде қалады деп шешім қабылдаса, онда Алла қаласа, Алла разылығы үшін мен ол ақшаны қайрымдылыққа жұмсауға да дайынмын.

Ақ қарасын білмей, маған қарғыс айтып, жаман сөздер айтып жатқан ағайын: «Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады». Ия мен сүріндім. Мүмкін сіздер адамзаттың ешқашан сүрінбейтін түрінен шығарсыздар! Менде өстіп-өстіп өмір сүруді бір күндері үйренермін. Уақыт төреші. Мен сіздерге тек қана жақсылық тілеймін! Тергеудің аяқталуын күтейік!», – деді Ернар Айдар.

Рекомендовать
Последние новости