Ермегияев, Әлтаев пен Тоқтабаев жазасын қайда өтеп жатыр?

Көркем Алдабергенова 18 июл. 2024 10:59 4840

ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер жемқорлық пен қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотталған бірнеше қазақстандық шенеунік қай жерде жазасын өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

2016 жылы аса ірі көлемде пара алған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс басшысы, бұрынғы туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев сотталған болатын.

Ал былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Нұржан Әлтаев және Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев та сотталған болатын.

ҚАЖД өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында сотталғандар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің аралас қауіпсіздік мекемелерінде өтеп жатқанын айтты.

"Сотталғандар пенитенциарлық мекемелерде жалпы негізде жазасын өтеп жатыр. Олардың тәртібі жақсы", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ермегияевтің түрмеде жеке кабинеті болған деген қауесет тараған болатын. ҚР Бас прокуратурасы заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев журналистермен баспасөз маслихатын өткізіп, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компанииясының бұрынғы басшысына түрмеде жасалған жағдай туралы айтып берді.

"Шын мәнінде Ермегияев VIP-камерада отырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек жазасын өтеу мекемесінде оған арнайы кабинет жабдықталған. Оған қоса, Ермегияев отырған камерада оған белгілі бір дəрежеде жеңілдіктер берілген», - деді Қайрат Жақыпбаев.

Сондай-ақ, Жақыпбаевтың сөзіне сүйенсек, сотталған азаматқа күндіз аздап еркіндік берілгенімен, түнде ол камерасында жатқан.

"Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметкерлер жұмыстан шығарылды. 16 адам жазаға тартылды. Қаңтар айында прокурорлар барлық түзеу мекемелерін тексеріп шықты. Онда сотталған азаматтардан ұялы телефон, тұрмыстық техника, кілем мен жиһаздар табылған", - деді Жақыпбаев. 


Рекомендовать
Последние новости