ЕҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассо Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Кәмшат Тілеухан 29 окт. 2024 15:06 1304

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассоның Қазақстанға жұмыс сапары 2024 жылдың 31 қазаннан 1 қараша аралығына жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Одиль Рено-Бассо Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі, сондай-ақ Азия даму банкі басшылығымен тұрақты инфрақұрылымдарды қамтитын бірнеше жобалар бойынша келісімдерге қол қояды.

ЕҚДБ президенті биыл 26 жылдығы атап өтілмек Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысының тең төрағасы болады. Сондай-ақ ол Жаһандық іскер әйелдер кеңесінде сөз сөйлеп, Астанада банктің жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына қатысады.

"Одиль Рено-Бассо инфрақұрылымдық жайттар, сондай-ақ өңіраралық көлік байланыстары, шағын және орта бизнесті дамыту сынды түйткілді мәселелерді шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктіктің рөлі артып келе жатқан Қазақстан экономикасы үшін жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығына тоқталады", деп kapital.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда ЕҚДБ Қазақстандағы 330 жобаға 10 млрд евро инвестициялады, бұл қаражаттың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости