Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың ұлы туралы не білеміз?

Dalanews 09 нояб. 2016 09:23 1966

Еліміздегі танымал шенеуніктердің балалары кім? Немен айналысады? Олардың басы қандай дауға қалды? Caravan.kz бұл ретте энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың ұлы туралы әңгіме қозғапты. 

Бұл жолы энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың ұлы туралы айтамыз, – деп жазады Караван.

Қанат Алдабергенұлы мен оның жұбайы Эльмира Бозымбаева екеуінің үш баласы бар. Олар: ұлы – Дәурен (1993 ж.т.), қыздары – Адина (2000 ж.т.) мен Әмина (2005 ж.т.).

2015 жылдың ақпан айында, яғни Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып тұрған кезде оның ұлы – Дәурен Алдабергеннің басы дауға қалды. Дау болғанда да, қылмыстық жағынан.

[caption id="attachment_236028" align="aligncenter" width="600"]Қанат Бозымбаев Дәурен Алдаберген оң жақтан екінші тұр[/caption]

Сол 2015 жылдың басында Павлодардағы «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкин жәбір көрдім деген бір қыздан бейнесұхбат жазып алған. Ол өзін облыс әкімінің ұлы мен оның досы зорлағанын айтады.

397520

Біраз уақыт өткеннен кейін қыздың зорланғаны расталды. Бірақ Дәурен Алдаберген бұл жерде куәгер болып шығады. Ал кейін тіпті тараптар келісімге келді деп, істі жауып тастаған.

Артынан облыс әкімінен 500 мың доллар бопсалануына қатысты жаңадан іс қозғалды. Бұл іс бойынша үш адам жауапқа тартылды. Олардың бірі – Ярослав Голышкин. Оны кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырған.

397521

Осы жағдайлардан кейін әкімнің баласы әскерге кетті. Ал Қанат Бозымбаевтың өзі 2016 жылдың 25 наурызында еліміздің энергетика министрі болып тағайындалды.    

Дәурен Қанатұлы туралы дәл қазіргі мәлім жайт мынау: Кешегі (2016 жылдың 8 қарашасы) дерек бойынша, ол мемлекетке 38 теңге 19 тиын қарыз екен. Бұл – ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми мәліметі.

397521
397522

Рекомендовать
Последние новости