Енді шетелдіктерге бензин қымбаттау бағамен сатылады

Dalanews 08 мая 2024 11:18 3677

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев шетел азаматтарына бензин мен дизель отынын жаңа бағамен сату туралы бұйрыққа қол қойды. Жүргізуші куәлігін Қазақстаннан алғандарға баға бұрынғыша қала береді.

Жаңа құжатқа сәйкес, бағаларын мемлекет реттейтін стационарлы жанармай құю бекеттерінде мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына мынадай шек қойылды:

Аи-80 маркалы бензині — литріне 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензині — литріне 245 теңге;

Дизель отыны (жазғы және маусымаралық) — литріне 315 теңге.

Ал енді Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткендерге Аи-92 және Аи-93 бағасы 205 теңге, дизель 295 теңге болып қала береді. Бірақ тәулігіне 100 литрден аспауға тиіс. Мотоцикл, жеңіл және жүк көліктері, арнайы техника мен автобусты тіркегені туралы құжатты көрсетсе, бір күнде 300 литрге дейін ала алады. Бұйрық 17 мамырдан бастап күшіне енеді.   


Рекомендовать
Последние новости