Елордада тұрғын үйді газға қосу үшін беретін әлеуметтік көмек 400 мың теңгеге дейін артты

Dalanews 28 февр. 2022 16:34 871

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына газдандыру жұмысы жайлы мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтыні сілтеме жасап.

– Елордада жекеменшік секторды газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Қазір Алматы, Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды. Осы мақсатта 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, бұл желілер 9 елді мекенге жеткізілді. Ал қалған екі аудан бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді Алтай Көлгінов.

Газдандыру жұмысы қаланың экологиясына оң әсерін тигізетіні анық. Елордада ауа температурасы төмендеген күндері қаланы қою түтін тұмшалап кететіні белгілі. Бұл – жекеменшік секторлар жаққан көмірден пайда болатын түтін. Қала экологиясының айтарлықтай жақсаруы үшін жекеменшік секторлар толықтай газға көшуі керек.

Қазір 3 мыңға жуық отбасы өз үйіне газ орнаттып үлгерген. Бұл – шамамен 40 мың тонна көмір. Газға қосылатын үйлер саны күн санап көбейіп келеді. Сол сияқты ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығын газға ауыстырдық.


– Жұмысымыздың маңызды бөліктерінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету. Газдандыру жұмысы басталғалы осы санаттағы отбасыларға арнап үйін газға көшіру үшін әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгіздік. Осы санаттағы отбасыларға бүгінге дейін 90 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіліп келген – бұл 260 мың теңгеден астам соманы құрайды. Енді әлеуметтік көмек мөлшерін 130 АЕК-ке дейін, яғни 400 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бастама жақын арада қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі. – деді қала басшысы.

Сонымен қатар қаланы газдандыру жұмысы тікелей Мемлекет басшысының бақылауында екенін Алтай Көлгінов тілге тиек етті.

Рекомендовать
Последние новости