Елорда тұрғындары 24 жылда төрт есеге өсті

Dalanews 06 июл. 2022 07:40 1014

Еліміздің астанасы ауысқан 24 жыл ішінде елорда тұрғындарының саны (1998 жылғы) 326 мыңнан (2022 жылы) 1 миллион 262 мыңға дейін төрт есеге жуық өскен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы әйелдер саны әдеттегідей басым. 1998 жылы қалада 174 мың әйел адам мен 152 мың ер адам тұрса, қазір бұл сандар сәйкесінше 657 мың (52%) және 605 мың (48%) адамды құрайды.

24 жыл бұрын елордада бір жылда 3400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала дүниеге келген. Осылайша, бала туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға дейін жоғарлаған (мың адамға шаққанда).


Ел астанасы ауысқан жылы мұнда 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істесе, қазір олардың саны 147-ге дейін өсті. Ал ауруханалар саны үш өсіп, 15-тен 45-ке дейін артқан.

Рекомендовать
Последние новости