Елорда әкімдігі өткен жылы 10 мың адамды қабылдап, өтінішіне құлақ асқан

Dalanews 10 февр. 2021 06:42 988

2020 жылы елорда әкімдігінің қабылдауында 10 мың азамат болды. Бұдан бөлек, елорда тұрғындары сондай-ақ «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, тұрғын үй саласы бойынша қызмет көрсететін бірыңғай орталықта, iQala орталығында, «iKomek 109» арқылы және әкімдіктің әлеуметтік желелердегі аккаунттары арқылы сұрақтарына жауап ала алады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.

– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында апта сайын онлайн режимінде азаматтарды қабылдаймыз. Ондағы негізгі сұрақтардың дені – жұмыспен қамту, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім, медициналық көмек алуға. қатысты. Тек өткен жылдың өзінде біз 10 мың азаматты қабылдадық. Бұл 10 мың отбасы деген сөз. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешіледі, қалғаны бойынша жұмыс жүргізіледі.

Осы ай басталғалы орынбасарларым мен аудан әкімдерімен бірге 500-ге жуық азаматты қабылдадық. Сондай-ақ, бұрнағы күндері аудан әкімдері тұрғындармен 15 есеп беру кездесуін өткізді. Мәселелерді шешу бойынша тек бір рет емес, жүйелі негізде қолға аламыз. Мысалы, бұл ретте тұрғын үй саласы бойынша қызмет көрсететін орталық пен әлеуметтік көмек беру бойынша «Жанұя» орталығын аштық, –  деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылдың жазынан бері іске қосылды. Аталған орталықта отбасыларға заңдық, психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса қызмет ала алады. Орталық ашылғаннан бері онда 45 мың азамат жүгініп, онда 65 мың сұрақ бойынша жұмыс қолға алынған.

Тұрғын үй орталығы 2020 жылдың күзінде ашылды. Аталған орталықта тұрғын үй кезегіндегі нөмірін анықтап, қалай кезекке тұруға болатыны туралы, тұрғын үй бағдарламаларының түрлі механизмдері және т.б. жөнінде білуге болады. Орталық ашылған 3 ай ішінде 18 мың тұрғын жүгінген.

Фото: Александр Куприенко

Рекомендовать
Последние новости