Елорда әкімдігі ерекше күтімдегі балалардың ата-аналарға қосымша медициналық көмек көрсетеді

Dalanews 06 февр. 2020 03:14 859

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов қабылдауына жазылған тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш тілектеріне назар аударды.

Қабылдау барысында жұмысқа орналасу,  білім мен медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелер көтерілді.

Елорда тұрғынының айтуынша, балаларды оңалту мәселесі маңызды мәселе екені айтылды. Балаларды оңалтудағы тиімді әдістердің бірі – бұл бассейндегі сабақтар десек болады. Ата-аналар бассейінде «Балалар құлаудан қорықпай, жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгере алатынын» деп атап өтті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл бағыттағы көмектің маңыздылығы қолдап өз ойын айтты.

– Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға білікті көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен бірнеше рет кездестік. Ұсыныстарын тыңдададық. Өз тарапымыздан қажетті көмек-қолдауды аямаймыз. Бассейнде оңалту жаттығуларын жасататын сабақтарға қолдау көрсетеміз. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қосымша медициналық көмек көрсетіледі, – деді Алтай Көлгінов.


Кездесуде елорда әкімі тұрғындардың өтініштері бақылауға алынатынын да атап өтті. 8 ақпан (сенбі күні) «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Ашық әкімдік» форматында ашық есік күні өтеді.

Рекомендовать
Последние новости