Елімізде 10 млн теңгенің есірткісі бар қойма анықталды

Қаракөз Амантай 02 окт. 2024 17:00 2255

Абай облысында 10 млн теңгенің есірткісі бар қойма анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қарасора" және "Учаске" іс-шара барысында полицейлер Семей маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды. Бұл орынды есірткі сатушылар уақытша қойма ретінде пайдаланған.

Күдікті бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны – шамамен 10 миллион теңге.

"Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости