Елена Рыбакина Australian open турнирінің жеңімпазы атанды

Көркем Алдабергенова 31 янв. 2026 17:12

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездесті.

Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды - 6:4. Екінші кезеңде дәл осы есеппен қарсыласы басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық спортшы тағы да басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл - оның мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жеңісі. 2022 жылы отандасымыз Уимблдон турнирінде топ жарған болатын.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove