Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова "Даму" қорының директорлар кеңесі құрамындағы қызметін аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы секторында және мемлекеттік басқару органдарында мол тәжірибесі бар Елена Бахмутова алты жылдан астам уақыт бойы қордың тәуелсіз директоры болып, Аудит және тәуекелдерді басқару комитетін басқарды.
Бұған дейін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Директорлар кеңесіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайланған болатын. Ол мұнда Нұрлан Байбазаровтың орнын басты.
Айта кетсек, "Даму" қорының Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады:
- Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
- Raimbek Group иесі, "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов;
- "Бәйтерек" холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин;
- ҰБХ төрағасының Жобалармен жұмыс және активтерді басқару жөніндегі орынбасары Жандос Шайхы;
- АХҚО әкімшілігінің тәуелсіз директоры Ғалым Құсайынов;
- "Даму" қорының Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.