Елбасыны ел қолдайды

Dalanews 06 апр. 2015 06:45 935

2015 жылдың 11 наурызы күні Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезі Еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен делегат болып келген «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен жетекшілері түгел қатысқан съезде партия атынан ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының бірауыздан ұсынылуы – мемлекет болашағы жолында жасалған тағы бір тарихи қадам болды. Сондай-ақ, бұл қадам – партия ішіндегі ауызбіршілікті көрсетті.

Бауыржан ҚҰЛЖАБАЕВ,  

Алматы университетінің ректоры

БезымянныйЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың делегаттардың ұсынысын қабыл ала отырып, сайлауға түсуге келісім білдіруін партия мүшесі ретінде мен де толық қолдай отырып, ҚР Президенті сайлауын өз дәрежесінде өткізу үшін Алматы университетінде жұмыс істейтін «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен қызметкерлерінің де өз үлестерін қосатынын жеткіземін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүріп өткен тарихи жолы – тұтас бір ұрпақтың әрі тәуелсіз мемлекеттің тарихы. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін күні-түні ұйықтамай қызмет еткен Президентіміз елімізді көркейтіп қана қоймай, өзі 1997 жылы жариялаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында айтылғандай, Қазақстанды әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын мемлекет дәрежесіне көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекетінің қатарына қосылып, халықаралық аренада маңызды саяси салмаққа ие болды. Мемлекетіміздің жоғарылай түскен саяси мәртебесі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да әлемдік деңгейдегі саяси мәртебесін әйгілеп берді. Сондықтан да, партияның сайлауға Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуын құптай отырып, Елдікті бекем еткен тұлғаның жетекшілігі мемлекет үшін әлі де қажет деп білемін. Оның да өз себептері бар. Біріншіден, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдік деңгейдегі салиқалы саясаткер, әлемдік саяси ойындар мен геосаяси аймақтың тамыршысы, болуы мүмкін әлемдік өзгерістер мен экономикалық сілкіністердің ертеңін нақты болжай білетін сұңғыла стратег.

Екіншіден, осынау бір аумалы-төкпелі заманда далиған Еуразия кеңістігіндегі геосаяси текетірестер арасынан тәуелсіздікті баянды етудің сан түрлі амалдарын жасап, соның бір бағыты ретінде ақырындап «Түрік бірлігі» идеясын көтеріп, оны нақты тарихи қадамдар арқылы нығайтып келе жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – түркі дүниясының Ұлы көсемі. Бүгінгі таңда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген түрік мемлекеттерін мәдени-рухани құндылықтары негізінде жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның көшбасшысына айналдыру идеясы өз жемісін беріп отыр. Қазақстандағы Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметі, 2009 жылы Түркияның белді қоғамдық ұйымы «Түрік ошақтары» тарапынан Н.Назарбаевқа «Түркі әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Түрік елдері ақсақалдар кеңесінің құрылуы және Астанада Түрік дүниесі академиясының ашылуы, сондай-ақ, Анкара қаласындағы «Жастар» саябағына Н.Назарбаев ескерткішінің орнатылуы, Түркия экс-Президенті А.Гүлдің Н.Назарбаевты «Түркітілдес халықтардың көшбасшысы» деп бағалауы – Елбасының түркі әлемін біріктіру, экономикалық және мәдени салаларды тығыз байланыстыру жолындағы тарихи еңбегіне берілген әділетті баға болды. Түркі мемлекеттерінің бірлігі – Қазақстан үшін де, өзге түрік мемлекеттері үшін де аса маңызды.

Үшіншіден, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – Қазақстанды мекен еткен 120-дан аса ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, бірлігіне ұйытқы болған, олардың барлығының құрметіне бөленген тұлға.

Төртіншіден, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – ата-бабамыздың аманатына адал, жолына берік, ел тарихы мен әдебиетін терең білетін әрі оны қастерлеп, дамытып отырған үлкен руханият егесі.
Бүгінгі таңда, Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиялық бағдарламасында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – қазақ ұлтының қазіргі мақсат-мүддесіне және Қазақстанды ортақ Отан еткен жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген жасампаз идеология болады деген ойдамыз

Бесіншіден, білім мен ғылым саласында жүрген біздер үшін Елбасының білім беру жүйесінде жасаған реформасы аса маңызды. Қазақстанның ғалымдары мен жас білімгерлеріне жасап отырған қолдауы, халықаралық білім бағдарламалары мен қазақстандық білім беру жүйесі арасындағы интеграция, «білім – адамның, адам – мемлекеттің капиталы» ұстанымына сәйкес жүргізілген саясат бүгінде өз жемісін бере бастады. Қазақстан жоғары оқу орындары беретін үш сатылы білім дипломдарының әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде мойындала бастауы мұның айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда, Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиялық бағдарламасында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – қазақ ұлтының қазіргі мақсат-мүддесіне және Қазақстанды ортақ Отан еткен жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген жасампаз идеология болады деген ойдамыз. Мұның барлық алғышарттары да қалыптасып отыр. Өйткені, Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы – Қазақстанда тұрып жатқан әрбір отбасыға өткенін ұмытпай, келешегіне кемел сеніммен қарауды аманаттайды.

Ең бастысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде сөйлеген сөзінде тәуелсіз мемлекетіміздің жүріп өткен жолына тарихи баға бере отырып, «қазір жүзеге асып жатқан «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты – әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», - деді. Алдына осындай ұлы мақсат қойған Елбасы Н.Ә.Назарбаевты барша халық қолдайды деген сенімдемін.

 


Рекомендовать
Последние новости