«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы іске қосылмақ

Dalanews 22 мая 2019 04:33 709

2019 жылдың 23 мамырында, сағ. 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» көшпелі ақпараттық-имидждік жобасының ашылу салтанаты өтеді. Жоба атауы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауымен тығыз байланысты.

Жоба тұсаукесерінде ҚР Мемлекеттік күзетініңПрезиденттік оркестрі арнайы дайындаған плац-концерттік бағдараламамен өнерін паш етеді. Ал ҚР Мемлекеттік күзеті қызметі Құрмет қарауылының ротасыжұртшылықтың назарына әскери дефилесін ұсынбақ.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының аясында сағат 11.40-та Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов профессор-оқытушылар қауымымен, докторанттар мен магистранттармен, студенттермен кездесіп, дәріс оқиды. Дәл осындай шара 16.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қайталанып, 24 мамырда, сағат 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өтеді.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасыЕлбасының жасампаз, шығармашыл идеялары мен бастамаларын дәріптеуге, қалың жұртшылыққа бірегей қорды көрсетуге және насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастырудың әдістерін дамытуға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін таныстыруға бағытталған.

Жоба аясында «Жастар – ұлт тірегі»кешенді көрмесі қойылып, Елбасы кітапханасындағы архив, музей және кітапхана жинақтарының материалдарытаныстырылады.

Көшпелі ақпараттық-имидждік жобаның аясында «Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Елбасы», «Ұлы даланың қазынасы – «Алтын адам», «Спортивная слава Казахстана»көшпелі экскурсиялары жүргізіледі. Олардың аясында қатысушылар бірегей жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Рекомендовать
Последние новости