Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит" мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін, "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" бойынша тәмамдаған.
1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық банкі зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.
2014-2015 жылдары – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры.
2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
Бұған дейін қаржы министрі қызметін де атқарды.