Экс-министр Ажар Ғиният жаңа қызметке келді

Cағыныш Сардарова 16 мар. 2024 10:37 5015

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Ұлттық балаларды оңалту орталығын басқарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ажар Ғиниятты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КЕАҚ ұжымына таныстырды.

Айта кетейік, Ажар Ғиният Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша және Алматы менеджмент университеті "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 - 1999 жылдары - Ақтау қаласының №1 Медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары - Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары - Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017-2020 жылдары - ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары

2020-2022 жылдары-ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2022-2024 жылдары-ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Сондай-ақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ажар Ғанияттың ендігі қызметіне байланысты пікір білдірді.

"Біз мықты кадрлардан қол үзгіміз келмейді. Ажар Ғаниятқызының денсаулық сақтау жүйесінің әкімшілік қызметінде үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан оның жүріп өткен жолын алдағы уақытта міндетті түрде қолданамыз. Жақын күндері Ажар Ғиниятқызының қай салаға келетінін білесіздер. Нақты ұстанымы әлі белгісіз. Бірақ бұл денсаулық сақтау жүйесі болатыны сөзсіз. Бізге оның тәжірибесі қажет. Қазір ол демалып жатыр. Біз онымен күнде хабарласып тұрамыз", - деп жауап берді Әлназарова.


Рекомендовать
Последние новости