Экс-басшы досына көңіл айту үшін тікұшақты пайдаланып, мемлекетке 6,6 теңге шығын келтірген

Dalanews 17 июн. 2023 03:56 991

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің экс-басшысы Сәбит Битаевтың мемлекет мүлкін өз мүддесіне пайдаланғаны белгілі болды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Битаев курстасы, әріптесі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтың бауыры қайтыс болуына байланысты оған көңіл айту үшін «Қазәуеқұтқару» мекемесінің ұшағын пайдаланып, мемлекет қазынасына 6 667 817,7 теңге шығын келтірген.

Бұл үшін Сәбит Битаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.


Сәбит Битаев 2021 жылдың 21 шілдесіне дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Рекомендовать
Последние новости