Экономикаға коронавирустың тигізген әсері қандай?

Dalanews 20 июл. 2020 03:18 941

Коронавирустың әсерін сезіну үшін ел экономикасының құрылымдық ерекшелігіне баса мән берген жөн. Қазір Қазақстан экономикасы ішкі жағдайға әсер етпейтін екі жайттан тұратынын ұмытпауымыз керек.

Бүгінде ел экономикасы мен халықтың тұтынушылық қабілеті және елде орын алған жайттармен тығыз байланысып жатқан жоқ. Бұл металь мен мұнай-газ саласы. Осы аталған екі сала еліміздің транспорт (мұнай құбырлары және металь мен кен тасымалдау), байланыс, қаржылық қызметті және сауда (мұнай мен металды көтерме бағада саудалау) саласын қалыптастыратыны белгілі.

Бұған қосымша мұнай өңдеу зауыттарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын, мұнай құбырлары мен кеніштердегі құрылыстарды да жатқызуға болады. Бұларды еліміздегі ірі экономика деп атауға болады. Бұл салалар еліміздегі еңбекке қабілетті халықтың 10 пайызын жұмыспен қамтып отыр.  


Сонымен қатар елімізде халықты 90 пайызын жұмыспен қамтып отырған шағын экономика бар. Бұған сауда-саттық саласын, халыққа көрсетілетін түрлі қызметтерді (мұның ішінде мемлекеттік қызметтер де) атап айтуға болады. Бүгінде жұмысқа қабілетті халықтың 20% мемлекеттік қызмет саналатын – денсаулық сақтау және білім беру саласында еңбек етуде. Бұл топтың табыс мен тұтынушылық мүмкіндігі экономикалық жағдайға анау айтқандай әсер етпейді.

Осы жайттарда сараптағанда жекелеген компаниялар мен жекелеген өндірістерде жұмыс істейтін 30% халықтың тұрақты жұмысы бар, Ал мемлекеттік қызмет, денсаулық және білім беру саласында еңбек ететінде ЖІӨ 70-80 пайызын құрайды.

Осылайша Қазақстан экономикасының құрылымдық ерекшелігін сараптасақ, коронавирустың ел экономикасына тигізетін әсере аз екенін байқауға болады. Өйткені Қазақстан экономикасының қомақты бөлігі ішкі сұраныс пен халықтың табысына тәуелді емес.

Иә, карантин халықтың аз ғана бөлігінің табысының кемуіне әсер етті. Бұған жалпы өлшеммен қарасақ, оның тұтастай экономикаға тигізетін кері әсері әсте байқалмауы мүмкін.

Осы ретте қысқамерзімді экономикалық индикатор жарты жылда бар болғаны 1%-ға ғана төмендегені біздің сөзімізге айқын дәлел болады. Карантин кезінде сауда мен транспорт саласынан басқа барлық салаларда жоғарлау байқалған. Айталық, құрылыс, байланыс және өніріс саласында айтарлықтай өсім орын алған.


Қысқамерзімді экономикалық индикаторға ЖІӨ-нің 60% ғана еніп отыр. Бұл есепте денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік қызметтің мәліметтері енген жоқ. Сондықтан 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында экономикалық құлдырау орын алды деп айтуға негіз жоқ.

Үстіміздегі жылдың сәуір мен мамыр айының басында, экономиканың дамуына қатысты оң көрсеткіштер болды. Карантин кезінде қызмет көрсету саласы мен бөлшек сауда күрт тоқтағанымен, карантиндік шаралар жұмсартылған соң, қысқа уақытта даму қарқынын қайта тапты. Оның үстінде сәуір мен мамыр айларында мемлекеттің халыққа төлеген 42 500 теңге экономикаға дем беріп, тұтыну мен сұранысты біршама дамытты.

Бірақ дәл қазір дамуды байқап тұрған жоқпын. Екінші карантин елдегі бизнеске ауыр соққы болып тигені жасырын емес. Өйткені мемлекеттің қолдау қаржысын бірінші кездегідей көп адам алған жоқ.

Нәтижесінде 4,5 айға созылған карантинінде халықтың көпшілігі өзінің кіріс көзінен айырылды. Бүгінде бизнестің бойына қан жүгірту қиын болып тұр. Бұл үшін қомақты қаржы керек. Шағын және орта бизнестің бір ай емес, 4-5 ай кіріс көзінен айырылуы оның жұмысын тоқтатуына әкелуі мүмкін.

Алдағы уақытта экономиканың қалыпқа келуі қиын болады. Жағдайды тек қана халықтың тұтынушылық қабілеті ғана реттейді. Өкінішке орай, қазір көпшілік тұтынушылық мүмкіндігінен айырылған.

Қолында қаражаты бар орта таптың өзі қаражаттарын оңды-солды жұмсамай сандыққа салып, сақтауда. Өз басым жыл аяғына дейін еліміздегі бизнес аяққа тұрып кетеді дегенге сене алмаймын. Өйткені біздегі халықтық бизнестің табыс табатын кезеңі маусымдық уақыттарға тәуелді. Сондықтан бірқатар кәсіпкерлер алдағы күз бен қыста мүлде табыс таппайтыны анық.


Егер ел экономикасының құрылымдық ерекшелігін басшылыққа алып бағаласақ, жалпы экономиканың жыл аяғындағы көрсеткіштері жаман болмауы тиіс. Десек те Үкімет тарапынан кешенді өзгерістер байқалмайды. Баяғыдай атқарушы билік қолда бар қаражатты тиімді жұмсай алмай отырғанын халық көріп отыр. Сол себепті карантин кезінде халықтың билікке деген сенімі азая түскені жасырын емес.

Көпшілік еліміздегі қиындықтар жекелген кәсіпкерлердің араласуымен шешілгенін көріп отыр. Халық карантиннен әбден қажыды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы уақыттары елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар 70% және 25%-ға ұлғайған. Бұдан карантин кезінде Үкімет пен жергілікті билік орындарының тиімді жұмыс істей алмай, көптеген қателіктер жібергенін байқауға болады.

Кез келген карантиннің дағдарысқа қарсы шаралар секілді экономикалық, әлеуметтік, писхологиялық, эмоционалды қыры болатыны белгілі. Мемлекеттік басқару саласы мұның бәрін есепке алуы тиіс. Өкінішке орай, карантин кезінде Қазақстандағы мемлекеттік басқару ісі санитарлық дәрігердің көзқарасымен шектелгендей болды.    


Айдархан ҚҰСАЙЫНОВ, экономист сарапшы

Рекомендовать
Последние новости