Министрлік Вьетнамдағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Сағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 09:08

Сыртқы істер министрлігі Вьетнамдағы қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Осы күнге дейін елшілікке немесе дипломаттарымызға туристерден бірде-бір хабарлама түспеген. Бұл жаңбырлы маусым, табиғи жағдай екенін бәрі түсінеді. Сондықтан азаматтарымыздан абай болуды және жергілікті билік айтқан барлық ережені сақтауды сұраймыз", - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров брифингте.

Айта кетейік, Вьетнамда су тасқыны мен көшкін салдарынан шамамен 90 адам қаза тауып, 12 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты. 


Рекомендовать
Последние новости