Екібастұзда «Богатырь Комир» ЖШС-нің қызметкері өндірістік жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Dala News.
Компанияның мәліметінше, қайғылы жағдай «Молодежная» станциясында суару қондырғысын дизель отынымен толтыру кезінде болған. Жұмыс барысында қызметкер ауыр жарақат алып, жедел түрде Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған дерек бойынша арнайы тексеру басталды. Кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Богатырь Комир» ЖШС марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
