Дифференциальды тариф: Елімізде тұтынушылардың басым бөлігі суға жоғары тарифпен төлем жасайды

Кәмшат Тілеухан 12 мая 2025 14:45 203

Дифференциальды тариф енгізілген өңірлердің тұтынушыларының басым бөлігі суға жоғары тарифпен төлем жасайды. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Суды үнемді пайдалануды ынталандыруда тарифтік саясат маңызды рөл атқарады. Осыны ескере отырып, біз тарифтерді қалыптастырудың жаңа әдістемесін әзірлеудеміз, ол дәнді-дақылдар түріне, суды тұтыну көлеміне және су үнемдеу технологияларының болуына байланысты дифференциальды тарифті қарастырады", – деді министр Нұржан Нұржігітов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ол еліміздің кейбір өңірінде "аз тұтынсаң – аз төлейсің" деген қағидатқа негізделіп, ауызсуға дифференциальды тарифтер енгізілгенін еске салды.  Мәселен:

  • І топ - бір адамға айына 3 текше метрге дейін су, қолданыстағы тариф қолданылады (халықтың 49%-ы тұтынады);
  • ІІ топ - бір адамға айына 3-тен 5 текше метрге дейін су, қолданыстағы тарифтің +20%-ы үстемеленеді (халықтың 20%-ы тұтынады)
  • ІІІ топ - бір адамға айына 5-тен 10 текше метрге дейін су, қолданыстағы тарифтің +50%-ы үстемеленеді (халықтың 20%-ы тұтынады);
  • ІV топ - бір адамға айына 10 текше метрден астам су немесе есептегіш құралы орнатылмаған жағдайда, қолданыстағы тарифтің екі еселенген көлемі  (халықтың 11%-ы солай тұтынады).

Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Ұлытау облыстарында дифференциальды тарифтерді енгізу ай сайын орта есеппен 1,6 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік берді. Түскен қаражаттың 900 млн теңгесі желілерді жаңартуға бағытталады.


Рекомендовать
Последние новости