Дұнғандар қазақ ақсақалына қол көтерген бе?

Dalanews 08 февр. 2020 08:48 1189

Бұл жайында саясаткер Мұхтар Тайжанда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 




"Кеше түнде Қордайдағы Ма Сан Чи ауылында (дұнғандар қоныстанған) үйлер өртеніп, дүние-мүлік бүлінді. Кейбіреулер Қордайдағы жанжалдың дұнған мен полицейдің арасындағы қақтығыстан басталғанын айтуда. Алайда бұл ерегес жанжалдың басы емес, жалғасы болғаны ендігі жерде нақты анықталып отыр. 

"Полицейлер өздерінің жағасынан алған дұнғандарды құрықтамақ болған деген ақпарат бар. Себебі әлгілер көлік жолында қазақтың сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалы мен оның екі баласын сабап тастаған.



Ақсақалды балтамен, оның ұлдарын арматурамен  ұрған делінеді. Қазір үшеуі де ауруханада жатыр. Мұның арты үлкен ұлтаралық жанжалға ұласты. 



Дұнғанның жап-жас жігіттері қазақ ақсақалына қалай ғана қол көтерді? Ұлтаралық ұйымшылдық деген мемлекеттік мақтаулы саясаты қайда? Ассамблея депутаттары ай қарап отыр ма? Олар осы елдің тілін де білмейді, осы түрімен парламентте отыр! 



Күні кеше біреулер домбырамызды жерге ұрған еді, оларды кешірім сұраттырып босата салды, енді біреулер сепаратизмнің ұрығын сеуіп жүр, олар да жазаланған жоқ. Билік әрекет етпесе, халық өзі қозғалады. Ал халықты тоқтата алмайсыздар. 

Ақсақалға қол көтергендерді және полицияның жағасына жармасқандарды тездетіп анықтау керек. Барлық кінә солардың мойнында. Ал Ассамблеяны тарату қажет. Бұл ұйымның түкке керегі жоқ", – дейді Мұхтар Тайжан 

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "ақсақалды балтамен ұрған" деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді министр. 

Дегенмен Абаев Қордайдағы жанжалдың тұтануына дәл осы жағдайдың себепші болуы мүмкін екенін айтты


"Иә, мұндай болжам бар. Бұл тұрмыстық жанжал. Дәл қазір мұны анықтау үстіндеміз", – деді ведомство басшысы. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше Қордайдағы жанжалға барлығы 300-ге тарта адам қатысқан, 40-тан аса адам жарақат алған, 8 адам қайтыс болды. Екі полицей оқ жарақатын алды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы дауға арандатушылар араласып, оны өз пайдасына асырмақ болған деп мәлімдеді. 

Суреттер мына сілтемеден алынды:

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=794901177680809&id=100014828018297



Рекомендовать
Последние новости