Досаев, Қасымбек... Бүгін премьер-министр кім болатыны анықталуы мүмкін

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 09:19 2657

Әлеуметтік желіде бүгін 11.00-де Amanat партиясының жиналысы өтіп, премьер-министр кандидатурасы талқыланатыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Партия кандидатураны мақұлдағаннан кейін ол Президентке ұсынылады. Ал Президент Мәжілістің өзге фракциясындағылармен кеңес өткізеді.

Кандидатура бойынша дауыс беру сағат 15:00-де өтеді. Артынша жаңа премьерді сайлау бойынша қаулы жасалады.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, кандидаттар арасында Досаев, Қасымбек және тағы біреу бар. Бірақ ол Роман Скляр емес.


Рекомендовать
Последние новости