Дінтанушы маманның қоғамдағы орыны қандай?

Dalanews 26 авг. 2021 16:51 1826

Діни экстрмизм мен терроризмнің мәселелерін шешуде дінтанушы мамандардың көмегіне жүгінудің маңызы зор. Жалпы, дінтану саласын дамыту арқылы біздер жас ұрпақты қауіпті діни ағымдардың соңына түсіп кетпеуден сақтаймыз. Осы ретте білікті дінтанушы мамандар елімізді дінтану саласын дамытып, халықтың дінге қатысты ұғым-түсінігін дамытудың маңызы зор екенін алға тарттуда.

Білікті дінтанушы маман Кеңшілік Тышхан еліміз тәуелсіздікке ие болған тоқсаныншы жылдары қоғам тарапынан дінтанушыларға сұраныстың анау айтқандай болмағанын алға тартты.

– Біз ең алғаш дінтану мамандығы бойыншы білім алғанымызда, «қоғамға дінтанушы маман керек пе» деген сұрақ туындады. Сол себепті дінтану мамандығы көп жерде өгей баланың күйін кешіп, арбаны бесінші доңғалағы секілді жағдайға тап болғаны жасырын емес. Дінтану мамандығын философия факультетінің ішіндегі бір бөлімнің бірі болды. Ал бұл мамандықты меңгеруге аңсары ауған жастар оқу орынды бітіргеннен кейін қайда барып жұмыс істейтіні белгісіз болғандықтан, кейбір жылдары дінтанушы мамандарға араб тілінің маманы деген атақ қосақтап бергені де есімізде. Осылайша тоқсаныншы жылдары дінтану мамандығы қазақ қоғамынан өз орынын таба алған жоқ. Тек 2010 жылдан кейін жағдай күрт өзгерді. Дәл осы уақытта елімізде бөтен ағымның соңында кеткен экстремисттер төбе көрсетіп, еліміздің қауіпсіздігіне қауіп төндіре бастаған болатын. Міне, осыдан кейін дінтанушы мамандығына деген құрмет пайда болды, – дейді Кеңшілік Тышхан мырза.

Иә, айтса айтқанда о баста дінтанушы мамандарға деген қоғамдық өмірімізді дұрыс көзқарас қалыптаспағаны жасырып жабудың жөні жоқ. Тіпті, сол кезде дінтанушы мамандардың дипломына «молда» деп жазып береміз бе деп әзілдеген адамдар да болған еді.

Қазіргі таңда дінтанушы мамандардың қоғам үшін қаншалықты маңызды екені айқындалып келеді. Осы уақытқа дейін жастарымыздың түрлі жат ағымдардың соңында кетіп адасуына оларға дұрыс жолды нұсақайтын мамандардың болмауы көп зардабын тигізді.

Елімізде дінтану мамандығына қатысты мұндай көзқарастың қалыптасуына не себеп болды? Біздіңше, мұның басты себебі ретінде Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанға дейін атеистік қоғамда өмір сүріп, күнделікті өмірде дінтанушы маманға мүлде орын болмағанымен байланыстыруға болатын сияқты.

2010-2011 жылдары елімізде жат ағымның соңында түскен экстремисттердің әрекетінен кейін билік орындары дінтанушының қоғамдағы орыны жайында ойлана бастады. Міне, осыдан кейін дінтанушы мамандарды дайындау, қоғамдық ортада өзін білікті дінтанушы ретінде танытқан мамандардың ой-пікіріне құлақ асу, олармен кеңесу әдепкі дүниеге айналды.

Халықтың діни сауаттылғын ашу үшін арнайы үгіт-насихат топтары құрылып, оған білікті дінтанушыларды тартып, профилактикалық жұмыстар басталғанын білеміз. Мұндай маңызды іс-шаралар ел ішінде әлі де жалғасуда.

Дінтанушы маман Кеңшілік мырзамен пікірлескенімізде қазіргі қоғамда дінтанушыға қатысты нақты көзқарас әлі толық қалыптаспағанын алға тартты.

– Тәуелсіздік алған алғаш жылдары дінтанушы мамандарды даярлағанда қазақ қоғамның мақсаты айқын болмады. Дәл сол тұста эйфориялық күйді бастан кешекн ел азаматтары өзінің рухани құндылықтарын оралып жатты. Жер-жерде мешіттер ашылып, біраз жұрт өз бетінше Ислам дінін танып білуге ұмтылды. Сол кезде болашақта дінтанушы мамандардың қажет болатыны жайындағы алғашқы белгілер пайда болған соң, оқу орындар дінтанушы мамандар даярлауға ден қойғанын білеміз. Дәл сол тұста қоғамның дінге қарсы көзақарасы қалаптаспаған еді. Соның кесірінен жат ағымдар да Қазақстанға еніп, жастарды өз қатарына тарта бастады. Қоғамда дінтанушы маманның орыны айқындалмағандықтан еліміздегі жоғары оқу орындары дінтанушы мамандарды даярлауда нақты қолмен ұстап көрсетіп, сөзбен жеткізетіндей ұстанымдары болмады. Соның салдарынан дінтанушылардың бір бөлігі философиялық бағытта білім алса, енді бір бөлігі таза теология бойынша білімін жетілдірді, – дейді сала маманы.

Шыны керек қазір сол тұстағы кейбір көзқарастар әлі де сақталып қалғаны жасырын емес. Дамыған батыс елдерінде дінтанушы деген маман жоқ. Таза дін мәселелерімен айналысатын мамандарды теолог деп атайды. Дін мен қоғамның аражігі анықталған. Діни ұстаным жеке адамның ішкі дүниесі болып есептелінеді.

Бұл үшін олар көшеде діни ұстанымына байланысты дауласып жатпайды. Ал бізде жағдай керсінше қалыптасқан, дін жолында жүрген азаматтар діни амалдарды өзін мұсылман деп санайтын адамдардың мүлткісіз орндауы керек деп есептейді. Сол үшін дауласып, қызыл кеңірдек болып жататыны әдетке айналған. Бүгінде дауласушы тараптарды ортақ мәмілеге келтіретін маман ды дінтанушы болуы керек.

Осы ретте Кеңшілік Тышхан кез келген дінтанушы маман жұрттың ортақ пікірге ұйыстыру үшін ұлттық құндылықтарды, мемлекеттік бағыт-бағдарын сөз етіп, дауласқан тараптарды ортақ мәмілеге келуіне күш салуы керек деп есептейтінін айтты. Бұл ретте дінтанушының қоғамдағы қызметі медиаторлықпен ұштасып жататынын аңғаруға болады.

Еліміздің мемлекеттік ұстанымы, жергілікті халыққа тән дәстүрлі құндылықтары діни көзқарастан жоғары тұруы керек. Сол кезде қоғам кемелденіп, дамудың биік сатысына жетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда елімізде білікті діни мамандардың қалыптасуы қоғамның жаңа сапаға аяқ басуымен астасып жатқанын байқауға болады.

Сондықтан мемлекетіміз білікті дінтанушы мамандарды жергілікті жерлердегі дін істері орталықтарына жұмысқа тартып, мемлекет мүддесі жолында жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек. Сол кезде қазақ қоғамы гүлденіп, үлкен мәдениетке қол жеткізетін болады.

Нұрлан Жұмақанов

Рекомендовать
Последние новости