Депутат вакцина салдыруды міндеттеуді ұсынды

Dalanews 17 июл. 2021 05:13 839

Өзбекстенның Олий Мажлис төрағасының орынбасары, «Миллий тикланиш» партиясының жетекшісі Әлішер Қадыров Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салуды міндеттеу идеясын қолдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың пікірінше, жұмыс беруші қарамағындағы қызметкерлерден вакцина салдыруын талап ете алады.

Қадыров ұстанымының дұрыстығын Еңбек кодексінің бабымен дәлелдеуге тырысты. «Сіз вакцина салдыруға міндетті емессіз. Алайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін үкімет вакцина салдырмағандардың жүріс-тұрысын шектеуі керек» деп жазды партия жетекшісі Telegram-арнасында.

Қадыровтың айтуынша, әрбір өзбекстандық "еркін азамат екенін, бірақ қоғам алдында жауапкершілігі бар екенін" ұмытпауы тиіс.

– Вирусты тежеудің жалғыз ғана жолы – вакцина салдыру, сол себепті біз жеке бастың және жақындарымыздың, сонымен бірге айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігін ойлауымыз қажет, – дейді саяси партия жетекшісі.

26 маусымда «Миллий тикланиш» партиясының басшысы ZF-UZ-VAC2001 өзбек-қытай вакцинасын салдырғанын жариялады.

Рекомендовать
Последние новости