Д.Ахметов: «Спорт нысандары қарапайым халық үшін қолжетімді болуы тиіс»

Dalanews 26 окт. 2017 16:29 921

Шығыс Қазақстан облысында межеге алған тағы бір міндет – бұқаралық спортты дамыту. Сандарды сөйлетсек, бүгінде 400 мыңнан аса кендіалтайлық дене шынықтырып, спортпен шұғылдануда. Оның 160 мыңнан астамы ауыл тұрғындары.



Ал соңғы үлгіде жабықталған спорттық нысандар халықтың салауатты өмір салтына бет бұруына бірден-бір септігін тигізіп жатыр. Облыс бойынша 3000 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның басым бөлігі ауылдық округтерде. Облыстық әкімдік отырысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов баяндағандай, мемлекет меншігіндегі спорттық нысандардың бәрі өңір жұртына қолжетімді.

– Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің базасы тиімді қолданылмайды, ал білім шаңырақтарының спорт залдары түстен кейін бос қалады. Сондықтан білім мен спорт басқармалары қолда бар барлық спорт базаларын пайдалана отырып, жаппай мектеп спортын дамытуға бағытталған бірлескен бағдарлама жасаулары тиіс. Сонымен қатар, әр мектептегі спорт залының толымдылығы туралы талдау жүргізу керек, – деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов сондай-ақ, хоккей қораптарының да қызмет кестесін тексеруді тапсырды. Олардың бір күн бос тұрмаулары үшін жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыру қажеттігін нықтады. Бұдан бөлек облыс әкімі волейбол, футбол және хоккей сияқты спорт түрлерінен жаттықтырушыларды жүйелі түрде үздіксіз оқыту керектігін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости