Дәулет Тұрлыхановқа қандай компаниялар тиесілі екені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 10 сент. 2024 12:26 5012

Дәулет Тұрлыхановқа қандай компаниялар тиесілі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы журналист Дмитрий Шишкин хабарлады. Дәулет Тұрлыханов тек спорт пен мемлекеттік қызметте ғана емес, кәсіп саласында да табысты адам. Қазіргі таңда ол автокөліктерді өндірумен және сатумен айналысатын үш коммерциялық компанияның құрылтайшыларының бірі. 

Мысалы "Газавто Казахстан" ЖШС салықты ең көп төлеп отырған компания. Мекеме 2015 жылдан бері 12,7 миллиард теңге салық төлеген. 

Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов "Вираж-Холдинг" ЖШС құрылтайшысының бірі. 

Тұрлыхановтың табысты кәсіптерінің бірі - Семейде орналасқан "СемАЗ" компаниясы. ЖШС ауылшаруашылығына арналған техника дайындаумен айналысады. Компания сайтындағы мәлімет бойынша, зауытта қытайлық, жапониялық және кореялық автобустар, беларусь тракторлары мен қытайлық жүк көліктері дайындалады. Компания 2015 жылдан бері 10 миллиард теңгедей салық төлеген. 

Сондай-ақ Дәулет Тұрлыханов "БелАвто" ЖШС компаниясының да иесі. Компания автокөлік құралдарының бөлшек саудасымен айналысады. 

Одан бөлек, депутаттың коммерциялық қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсібі бар. 

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше,Дәулет Тұрлыханов бірнеше қалада орналасқан үйлерінің салығын төлейді. Депутаттың Ақмола облысы, Семей қаласы, Көкшетау, Астана және Алматыдағы екі ауданда үйлері бар. 


Рекомендовать
Последние новости