Дариға Назарбаева қайда жүргені белгілі болды (фото)

Көркем Алдабергенова 21 авг. 2024 16:27 5823

Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында өткен кеште көзге түсті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео телеграм арнада пайда болды. Бейнежазбада Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Алан Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады. 

Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысу құны да арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек. 

Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша Назарбаевтың қызы, немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін. 

Кан қаласындағы Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы Château de La Croix des Gardes in Cannes жекежайында (особняк) өткен. 

Кеш ұйымдастырушысы - голливуд жұлдызы Шэрон Стоун (SHARON STONE). 

Қайырымдылық шарасы Монаконың қазіргі кінәзі Grace Kelly құрметіне ұйымдастырылған. 

Аукционда қымбат лоттар ойнатылған. 


Рекомендовать
Последние новости