Дариға Назарбаева жаңа қызметке сайланды

Dalanews 16 нояб. 2017 07:41 727

ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, – деп хабарлады ҚР СІМ ресми сайты.

Д.Назарбаева осы лауазымда парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімовамен ауыстырды. Өзінің кіріспе сөзінде Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті.

– Қазақстан өзінің Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету үшін, ең бастысы, БҰҰ тарихында Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін пайдалануда, – деп хабарлады отырыста сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға мерейтойлық медаль табыс етілді.

Дереккөзі:  sputniknews.kz

Рекомендовать
Последние новости