Дархан Қыдырәлі: «Түрік халқы әскери xунтаны емес, демократиялық құндылықтарды қалайды»

Dalanews 16 июл. 2016 06:42 1183

Түркиядағы әскери бүлікке қатысты белгілі ғалым, «Егемен Қазақстан» АҚ-ның
Басқарма төрағасы  Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбуктағы парақшасында «түрік халықы әскери xунтаны емес, демократиялық құндылықтарды қалайтынын» білдірді деп ойын білдірді.  


– Түнде бауырлас Түркия елінде бүлікшіл бір топ әскери төңкеріс жасауға әрекеттеніпті. Билікті күшпен басып алуға ұмтылған содырлар өз xалқына оқ атқан. Полиция мен әскердің арасында қарулы қақтығыс болған, опат болғандар бар. Шәйіт болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Түркия xалқы төңкеріске қарсы шықты. Қарапайым азаматтар көшеге шығып, танктерді тоқтатыпты. Мемлекетшілдіктерін көрсетті. Әскери xунтаны емес, демократиялық құндылықтарды қалайтынын білдірді, – дейді Дархан Қуандықұлы.

Рекомендовать
Последние новости