Даниал Ахметовтың күйеу баласы уақытша ҚТЖ-ны басқарады

Cағыныш Сардарова 01 июл. 2025 18:15

Бұрынғы әкім Даниал Ахметовтың күйеу баласы уақытша ҚТЖ-ны басқарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшылығы уақытша өзгеріске ұшырады. Көлік министрі қызметіне Нұрлан Сауранбаевтың тағайындалуына байланысты ҚТЖ төрағасының міндетін уақытша Ерлан Қойшыбаев атқарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі ішкі нормативтік құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.

ҚТЖ-ның ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Ерлан Қойшыбаев 2023 жылдан бері басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 39 жастағы Қойшыбаев - Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың күйеу баласы, яғни оның қызы Аделия Ахметованың жұбайы.


Рекомендовать
Последние новости