Даниал Ахметов жарақат алған жауынгерлерге барып, жағдайын сұрады

Dalanews 12 янв. 2022 06:15 1046

5 қаңтарда Өскемен қаласының орталық алаңында наразылық басталғанда полиция қызметкерлері оларға қарсы күш пен қару қолданбаған. Алайда, біраз уақыттан кейін бұл нақты белгіленген талаптары бар бейбіт митинг емес екені белгілі болды. Наразылық білдірушілер билік өкілдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің келіссөздер жүргізу ұсыныстарын мүлде елемеген.  Митингіге шыққандардың арасында болған арандатушылар билік пен күштік құрылым өкілдеріне қарсы құқыққа қарсы әрекеттерге, облыс әкімдігін басып алуға, автокөлікті қиратуға және өртеуге итермеледі. Тәртіпсіздіктерді тоқтату және бейбіт тұрғындарды қорғау үшін полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын арнайы газды қолдануға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда кешке алаңға жиналғандар саны арта түсті. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жалпы облыс орталығындағы тәртіпсіздіктерге екі мыңға жуық адам қатысқан. Олар модульдік полиция бекетін өртеп, жақын маңдағы кафенің терезелерін сындырды.

Қақтығыс нәтижесінде бірнеше әскери қызметкер жарақат алып, полиция қызметкерлерінің біршамасы зардап шекті. Өскемен әскери бөлімінің екінші атқыштар ротасы бақылаушылар взводының кіші сержанты тыныс алу жолдарының химиялық күйігін алса, ал полиция қызметкерлерінің бірі граната сынықтарымен жараланды. Қазір зардап шеккендер емделуде.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жарақат алған әскери қызметшілерге арнайы барды. Өңір басшысы қызметкерлердің бейбітшілік пен келісімді бұзуға тырысқандарға қарсы төтеп беріп, Отанына алдындағы борыштарын өтеген әрқайсысына алғысын айтты.

Полиция қызметкерінің айтуынша, барлығы өз отанын және Егемен Қазақстан азаматтарын қорғау міндетін атқарған.

– Митингіге шыққандар облыс әкімдігінің жанындағы қоршау арқылы өтіп кеткен соң, мен оларды тоқтата бастадым. Олар граната лақтырды. Бейбіт азаматтарды қорғап, кеудемді оққа тостым, – деді полиция қызметкері.

Өңір басшысы жауынгерлердің тезірек сауығып кетуін тілеп, мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді.

Рекомендовать
Последние новости