Даниал Ахметов: "Бірде-бір көпбалалы отбасы баспанасыз қалмайды"

Dalanews 20 авг. 2019 13:37 890

Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге арналған аймақтық бағдарлама жүрдек жүзеге асуда.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қалалар мен аудан орталықтарында тұратын көпбалалы отбасылар төмендетілген 2% үстемемен несие рәсімдей алады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан мақұлданған жағдайда, алғашқы жарнасын салуға мүмкіндігі жоқ жанұяларға комиссия шешімімен жарна құнын береміз", – дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, бұл бағдарлама арқасында Шығыс Қазақстанның ауылдық жерлерінде үй кезегінде тұрған 236 көпбалалы отбасы баспаналы болды.


9 тамыз Үржар ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Даниал Ахметов көпбалалы ана Гүлжанар Сәрбиеваны жаңа қонысымен құттықтаған болатын.

Алты баланы бағып-қағып отырған тәрбиелеп отырған Гүлжанар Сәрбиеваның жолдасы денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз екен.

"Күміс алқалы" ана баспаналы болуды көптен бері армандаған.  13 жыл бойы пәтер жалдап тұрған жанұяға өз ауласы, бау - бақшасы бар баспана берілді.

Жалпы Үржар ауданында биыл 20 көпбалалы отбасы осы бағдарламаның жемісін көріп, үйлі болды. Ауданындағы берекелі іс мұнымен тоқтамайды. Биыл тағы 30 отбасының түтінін түзету жоспарланған.

Рекомендовать
Последние новости