Даниал Ахметов: "Алакөлде шипажай саламыз"

Dalanews 22 нояб. 2019 09:37 786

Шығыс Қазақстан өңірінің туризм саласына оң серпін беретін жағымды жаңалықпен облыс басшысы Даниал Ахметов бөлісті.

«Алакөл қазіргі таңда еліміздегі негізгі басымдыққа ие туристік орынның бірі. Соңғы 3-4 жылда Алакөлдің инфрақұрылымын дамытуға және абаттандыруға 6 млрд теңгеден асатын қаржы бөлінді.

Туризмді әрі қарай дамыта түсеміз. Алдағы 4 жылда 28 миллиард теңгеге Алакөлде 7 ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асады. Соның бірі – Алакөл суының емдік қасиеті. Ресейдегі Курортология және физиотерапия институты көлдің суын бір жыл бойы зерттеп, сауықтыру туризмін дамытуда таптырмас орын деген қорытындыға келді.

Осы зерттеу нәтижелерінің өзі Алакөлде шипажай салуға болатынын көрсетіп отыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысы сонымен қатар Алакөл жағалауының дамуы облыс қана емес, күллің елдің экономикалық ахуалына оң әсер етіп, бюджетке түсімінің артуына ықпал ететінін жеткізді.


«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы Алакөлдің табыс мөлшері 1,6 есе өсті. Сонымен бірге өңірде медициналық туризмді дамытуға барлық жағдай жасалды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5 медициналық қызмет - медициналық туризмді дамытуда артықшылыққа ие болуы мүмкін. Олардың үшеуі - кардиохирургия, нейрохирургия, бірлескен протездеу - Шығыс Қазақстан облысының клиникаларында бар», - деді ол.

Айта кетсек, биылғы жылы Алакөлге орта есеппен алғанда 750 мың турист келген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға көп.

 

Рекомендовать
Последние новости