Дана Нұржігіттің бұрынғы жұбайы, журналист Владимир Рерих өмірден өтті

Dalanews 22 янв. 2024 04:00 1407

Танымал қазақстандық журналист Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл қаралы хабарды әлеуметтік желіде Дана Нұржігіт жазды.

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…" - деп жазды ол.



forbes.kz


Дана Нұржігіттің сөзінше, олар 1996 жылы 11 наурызда танысқан. Кейін 2000 жылдан бері 15 жыл отасқан.

"Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың.


Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!" - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Владимир Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиаменеджер. Ол 66 жаста еді.

Сурет: forbes.kz/Андрей Лунин

Рекомендовать
Последние новости