Chevrolet Қазақстанда сатылым бойынша тарихи рекорд орнатты

Dalanews 17 дек. 2025 16:51

2025 жылдың қараша айында қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet бренді жаңа абсолютті рекорд орнатты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бір айдың ішінде 7 777 автомобиль сатылған. Бұл – Қазақстанның автомобиль нарығы тарихындағы ең жоғары айлық көрсеткіш қана емес, сонымен қатар, бір брендтің мұндай деңгейге алғаш рет қол жеткізуі.

Аталған жетістік Chevrolet маркасы үшін айрықша мәнге ие, себебі бұл компанияның бұрынғы рекордтарын қайталап қана қоймай, айқын түрде асыра орындағанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2024 жылдың қазан айында Chevrolet 6 265 автомобиль сатып, салалық рекорд орнатқан болатын, ал бүгінде бұл межені тағы да биіктете түсті. Жаңа нәтижеге негізгі үлесті 7 105 дана сатылған Chevrolet Cobalt моделі қосты. Ол елдегі ең сұранысқа ие автомобиль мәртебесін сақтап қалды.

Chevrolet халықтық бренд ретіндегі позициясын нығайтып, кең ауқымды тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай келетін көліктерді ұсынуды жалғастырып келеді. Cobalt пен Onix қоса алғанда, барлық модельдер Қостанай қаласындағы Allur зауытында General Motors технологиялары негізінде өндіріледі. Жоғары дәлдіктегі өндірістік үдерістер, заманауи жабдықтар және қатаң сапа бақылауы сенімділіктің тұрақты деңгейін қамтамасыз етіп, ел көлемінде жоғары сұранысты сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Тарихи рекордқа қол жеткізу құрметіне орай Chevrolet бренді Chevrolet Onix моделіне арналған «ҚазақЕлені +1» арнайы акциясының басталғанын хабарлайды. Акция аясында автомобильді 6 390 000 теңгеден бастап тиімді шарттармен сатып алуға болады. Ұсыныс желтоқсан айының соңына дейін жарамды.

Сонымен қатар, Chevrolet Cobalt моделінің бағасы төмендетіліп, енді ол 6 190 000 теңгеден бастап қолжетімді. Елдегі ең танымал автомобиль болып қала беретін бұл модельдің жаңа бағасы оны тұтынушылар үшін одан әрі тартымды ете түседі.

Chevrolet Kazakhstan дистрибуция директоры Марк Ножненко:

«Қараша айындағы рекорд – бұл тұтынушыларымыздың бізге деген сенімінің және Allur компаниясы мен дилерлік желінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Chevrolet-тің Қазақстандағы №1 бренд болып қала беріп отырғанына қуаныштымыз. Осы айтулы оқиғаға орай, көлікті барынша тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы ұсыныстарды іске қостық», – деп атап өтті.

Акция аясындағы автомобиль саны шектеулі, бұл жоғары сұраныс жағдайында ұсыныстың өзектілігін арттыра түседі.


Рекомендовать
Последние новости