Бизнесті несиелендіруде Түркістан облысы алда келеді

Dalanews 30 июл. 2021 13:35 1146

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Түркістан облысында  жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. «Оңтүстік» АИО еншілес «Ырыс» МҚҰ-мен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың алты айында жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайтын 914 жоба қаржыландырған. Жүзеге асырылған жобалар аясында 1 077 жаңа жұмыс орындары ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші жартыжылдықта «Кең дала» мемлекеттік бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд теңге қаржы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан тартылып 21 жоба іске асырылды. Биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС мемлекеттік бағдарламалар аясында «Даму» КДҚ» АҚ-нан және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан, сондай-ақ басқа да бюджеттен тыс қорлардан қаржы тартуды жоспарлап отыр.

Ал, еншілес «Ырыс» МҚҰ 2021 жылы 6,2 млрд теңгеге 1 300 жобаны қаржыландыру жоспарлауда. Соның ішінде, көктемгі дала жұмыстарын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан тартылған қаражат есебінен 2,8 млрд. теңгеге 750 жоба, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму «КҚҚ» АҚ және  «Аграрлық несие корпорация» АҚ-нан тартылған қаражат есебінен 1 400 млн. теңгеге 220 жоба және қайтарылған қаражат есебінен 2 млрд. теңгеге 330 жобаға қаржылай қолдау көрсетілмек.

Өткен жартыжылдықта «Ырыс» МҚҰ  тарапынан 3,62 млрд. теңгеге қаржыландырылған 882 жобаның сәтті іске асырылуы 947 (оның ішінде 832 маусымдық) жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді.


Микроқаржы ұйымы тарапынан несиелендіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше бағдарламалар әзірленген. Олар мал және өсімдік шаруашылығы, жылыжай,  бизнес, тұтынушылық несие салаларына бағытталған. Сонымен қатар, Түркістан облысының әр ауданында жұмыс істейтін Аймақтық несие сарапшылары мен проблемалық несиелердің азаюына ықпал ету мақсатында жолға қойылған Тәуекел менеджменті қызметі екі есе күшейтілді.

Бұдан басқа, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес ұйымымен бірлесе отырып кәсіпкерлерге несие берудің сапасын жоғарылату және жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында орта және шағын бизнес субъектілеріне несие беру бизнес-процесстерін автоматтандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Рекомендовать
Последние новости