Бишімбаевтың әкесіне ұлын ел алдында қорғауға Назарбаевтың бұлбұлы Ертісбаев мүмкіндік берді - журналист

Сағыныш Сардарова 12 февр. 2024 17:16 4303

Журналист Сырым Итқұлов әлеуметтік желіде бұрынғы министр Ермұхамет Ертісбаевты Қуандық Бишімбаевты қолдауға қатысы барлардың бірі ретінде көрсетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Итқұловтың сөзінше, енді қоғамда Бишімбаевты ақтап алуға тырысатындардың науқаны күшейе түседі.

"Қазір бәрі сот басталар алдында және сот отырыстары барысында медиада Қуандық Бишімбаевты ақтау бойынша кезекті науқан басталатынын көрсетіп отыр. Естеріңізде болса, ол былтыр ұсталғаннан кейін де бірден осындай болды.

Сотталушының туыстары бір немесе бірнеше пиар-агенттікті тартқаны айдан анық. Өйткені сотталушы Бишімбаев өз елінің патриоты, үлгілі отағасы және көптеген тіл білетін "қарапайым жақсы жігіт" екені айтылатын түрлі жазбалар есімізде. Олардың кейбіреулері тіпті шетелдік басылымдарда да шықты.

...Бірақ қайтыс болған адамды қаралауға тырысқаны өкінішті болды. Олар оның қатты мас болғанын, кейбір таблеткаларды қабылдағанын және т.б. жазды.", - деп жазды Итқұлов.

Журналист бұл науқанда алғаш болып көрінгендердің бірі Ертісбаев екенін айтады.

"Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың ұлын қорғаштап, қоғамдағы пікірге әсер етуге тырысқан видеосы естеріңізде ме? Ол журналистер мен блогерлердің үсітнен өзін, ұлын, олардың отбасын көпшілік алдында қорлағаны үшін арыз жазды.

Ал бұқараға үн қату үшін оған Назарбаевтың бұлбұлы - Ермұхамет Ертісбаевтан басқа ешкім мүмкіндік берген жоқ.

Уәлихан Бишімбаев та сол сияқты, өмір бойы "ескі қазақстандық". Университетті басқаратын қатардағы ректор ретінде есепсіз байлық жинады. Олар қандай жолдармен "табылғаны" түсінікті, соның арқасында жұбайы ұзақ жыл бойы табысты бизнесті басқарды.

Көпшілік Қуандық Бишімбаевтың өзі де сыбайлас жемқорлық үшін отырғанын ұмытып кетті, бірақ туыстарының ықпалды байланыстарының арқасында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты", - деді Итқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да осы іс бойынша дабыл қағып, жуырда сот отырысы басталатынын жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости