Бишімбаев изоляторда бірге отырған адаммен төбелесіп, пышақтаған - БАҚ

Көркем Алдабергенова 02 июл. 2024 13:01 6157

Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында камерада бірге отырған адаммен төбелесіп, оны пышақтағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірақ экс-министрдің адвокаты Лейла Рамазанованың сөзінше, бұл - жалған ақпарат. Бұл туралы ол Orda.kz тілшілеріне айтқан. Қоғамдық қорғаушы Бауыржан Мусин де бұл ақпаратты теріске шығарды. 

"Қазір ғана ҚАЖД басшысына хабарластым, ол мұндай жағдай тіркелмегенін айтты", дейді ол. 

Сонымен қатар, адвокаттың сөзінше, апелляция шешімі күшіне енгеннен кейін Бишімбаев "Аршалы" колониясына ауыстыруы мүмкін. 

Еске салайық, 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.  

 


Рекомендовать
Последние новости