Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген кадрлар көрсетілді

Көркем Алдабергенова 03 апр. 2024 17:43 38077

Сотта Қуандық Бишімбаевтың Салтанатты соққыға жыққан сәттері көрсетілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында 9 қазанда мейрамханада болған сәттер көрсетілген. Таңертең сағат 07.16-да болған жағдайда Бишімбаев Салтанатпен лифттен шығып, Нүкенованың шашынан сүйрейді.

Артынша аяғымен теуіп, Нүкенова жерге құлап, жатады. Қайтадан шашынан тартып, бетінен ұрып жіберген. Нүкенова басымен қабырғаға қарай соғылып кетеді.

Содан кейін ҚУандық Бишімбаев алға қарай жүріп, қайтадан Салтанат тұрған жерге қарай артқа барып, шашынан сүйрей түседі.

Бишімбаев Салтанатты орнынан тұрғызып, сөйлесе бастайды.

Артынша қайтадан Салтанаттың шашынан сүйреп, дәретханаға қарай алып кетеді.

Сағат 07.19-да дәретхана жақтан Салтанаттың шашынан сүйреп шығарып, вип-бөлмеге қарай алып кетеді.

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Бұған дейінгі сөзінде Бишімбаев дәретханада қандай оқиға болғанын айтқан еді.

"Ол "маған берген сыйлықтарыңа ішің ашитын шығар" деді. "Олар маған неге керек?" дедім. "Бәрін қайтарамын" деді. "Қайтарудың қажеті жоқ, керек болмаса, лақтырып таста" дедім. Сол сәтте оған не болғанын білмеймін. Ол маған қарама-қарсы отырды. Менің көзімше сырғасын, неке жүзігін, сағатын, білезіктерін шеше бастады да, дәретханаға лақтырып тастады. Бәрін шын жүрекпен сыйлағанмын. Мен таңғалдым, әрекеттеріне қарап, сөйлей алмай қалдым. Не істерімді білмедім. "Ішетін бірдеңе әкелейін" деп дәретханадан шығып кеттім. "Иә, алып кел" деді", - деді ол.

Бишімбаевтың айтуынша, келген кезде есік жабық екенін көрген.


Рекомендовать
Последние новости