Билікте жүргендер "қазақ саны көбейіп жатыр" деген сөзді айтуға қорқады

Dalanews 17 авг. 2016 04:10 856

Қорқады.... Көлеңкесінен қорқады.

Билікте жүргендер "қазақ саны көбейіп жатыр" деген сөзді айтуға қорқады. Көпбалалы қазаққа пәтер берсе "ұлтшыл" деген атаққа қалам деп қорқады.

"Казахский язык" деген сөзді баяндамасына кіргізуге қорқады. Тіл жайлы айтпауға болмай бара жатса "государственный язык" дей салады.

Жалпы "мы казахи" деген сөзді трибунада тұрып айтқан қанша шенеунік қазақты көрдіңіз? Қорқады. Шені жоғары болған сайын "қорқақтығы" жоғарылай береді. "Біз қазақпыз" деген сөзді айтса, кухнясында отырғанда ғана айтар, оның өзін есік жаққа бір қарап алып... Қорқады. Кімнен қорқады? Төртем туған қазақтан қорқа ма ?

Мұхамбедия Ахмет-Төренің Фейсбуктегі парақшасынан алынды

 

 

Рекомендовать
Последние новости