Биыл Маңғыстауда 2400 орындық 2 мектеп пен 2 қосымша нысан пайдалануға беріледі

Dalanews 29 июл. 2022 07:14 1353

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласында салынып жатқан жаңа мектептердің құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда биыл 1800 орындық 2 мектептің (Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 600 орындық, 31А ш/а 1200 орындық мектептің құрылысы) және екі мектеп жанындағы 624 орындық (Күйкен орта мектебіне 312 орындық және Бейнеу ауданындағы Атамекен орта мектебіне 312 орындық) қосымша нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі барған алғашқы нысан – Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында салынып жатқан жалпы білім беретін мектеп. 600 орынға арналған мектепті осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Келесі  1200 орынға арналған мектеп Ақтау қаласының 31А шағын ауданында салынып жатыр. Нысан жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

Одан кейін облыс басшысы қаланың 18а шағын ауданындағы 760 орынға арналған жеке меншік мектептің құрылысымен танысты. Аталған мектеп 2023 жылы пайдалануға берілмек.


Өңір басшысы жауапты тұлғаларға білім беру нысандарының уақытылы және сапалы салынуын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мектептердегі орын тапшылығын жою үшін 2025 жылға дейін кемінде мың мектеп салу туралы тапсырма берді. Бұл – кәсіби оқытушылары және балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктері бар заманауи, арнайы техникалармен жабдықталған білім беру мекемелері болуға тиіс. Сондай-ақ мектеп салу үшін кәсіпкерлерді көптеп тарту қажет, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.



Қазіргі уақытта өңірде мемлекеттік, жеке, арнайы, барлығы – 171 мектеп бар. Онда 167 000-нан астам бала білім алуда. Айта кету керек, Маңғыстау облысында бала туу көрсеткіші жоғары. Сәйкесінше, өңірде соңғы бес жылда оқушылар саны 41 мыңға артқан.

Рекомендовать
Последние новости