Биыл елордада 11 мектеп салынып, 20 мыңнан астам оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік туады

Dalanews 08 июл. 2022 10:17 1119

Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылы 11 мекетеп саланып 20 мыңнан астам оқушының жайлы жағдайда білім алуына жол ашылады. Соңғы 3 жылда елордада 34 мектеп салынды. Қазіргі таңда оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Қала халықының жыл сайынғы өсуін ескеріп, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде білім беру мекемелеріне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жоспарлы түрде оқушыларды тиісті оқу орндарымен қамту, жұмыс істеп тұрған білім ордаларындағы артық жүктемені азайту үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет. 3 жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аталған оқу орындары 70 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік беріп отыр, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов

Бүгінде бас қаламыздың барлық ауданындарында мекетеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Айталық, соңғы 2 жылдың өзінде халық тығыз қоныстанған Есіл ауданында 12 мектеп, Алматы ауданында – 7, Байқоңыр ауданында – 4, Сарыарқа ауданында 2 мектеп салынған. Биыл қалада тағы 11 мектеп салынбақшы.


Елордада салынған мектептердің кейбірінде ерекше жағдайды талап ететін балалар үшін инклюзивті білім беру бөлімдері бар. Сондай мектептің бірі Сарыарқа ауданындағы №65 мектеп. Бұл мектепте есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды.

Аталған білім ордасында оқитын оқушылардың саны 3 мыңнан асады. Бұл оқу орнының жүктемесі жоғары. Мектептің қуатын арттыру үшін жанынан жаңа корпус салынып жатыр. Ол тағы 1200 оқушы орнын (екі ауысымда) құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ №59 мектеп-лицейінің (Сауран көшесі) аумағында жаңа корпустың құрылысы басталды. Биыл барлығы 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.

Рекомендовать
Последние новости