Биыл Алматыда 150 объекті мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына бейімделген

Dalanews 31 авг. 2021 16:12 810

Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында  Алматыда 17 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қозғалыс құрылғылары – сурдо және тифло-техникалармен қамтамасыз етілгенін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда 53,7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша олардың барлығы оңалту мен әлеуметтік қызметтерге техникалық құралдармен ақысыз қамтамасыз етілген. Бұл мақсаттарға 5,6 млрд теңге қарастырылған.

– Биыл әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді, онда мүгедектер республика бойынша жеткізушілерден қажетті тауарлар мен қызметтер түрін өз бетінше таңдай алады. Мүгедектердің тілектеріне сәйкес қымбат тұратын тауарларды таңдағанда қосымша төлем жасау функциясы бар техникалық құралдардың белгіленген құнын өтеу механизмі қарастырылған. Жыл басынан бері 16 800 мүгедекке оңалту, қозғалыс құралдары, тифло-сурдо техникалық құралдар мен гигиеналық құралдар берілді, – деді Назира Тоғызбаева.

Сонымен қатар, 5 мың мүгедек оңалту қызметімен қамтылды. Олар ымдау тілі мамандарымен, жеке көмекшілермен қамтамасыз етілген, сонымен қатар курорттық емделуге жіберілген.

Қозғалуы қиын мүгедектер мен мүгедек балаларға «Инватакси» көлігінің ақысыз қызметі ұсынылады. Бұл қызметті ай сайын 1 500 мүгедек пен 357 мүмкіндігі шектеулі бала пайдаланады. Айта кетсек, Алматыда «Оңай» жүйесі орнатылған 39 «Инватакси» автокөлігі бар.

Назира Тоғызбаева қалада мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде нысандарды сертификаттау мен бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтты. 2021 жылы 180 объект сертификатталды, 150 объект бейімделді.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін құрылған. «TenQogam» әлеуметтік қолдау орталығы туралы да айтты. Орталық мамандары құқықтық, психологиялық қызмет көрсетеді, сонымен қатар әлеуметтік, педагогикалық және тәрбиелік мәселелерді шешуге көмектеседі, тренингтер мен вебинарлар өткізеді.

– Мүгедектікке байланысты қорқыныш пен белгісіздікті жоюға бағытталған «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл мектепте олар өзін-өзі бағалауды арттыруға және қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Биыл ерекше қажеттіліктері бар 80 азамат 6 жаттықтырушымен бір апталық курстан өтті. Курстар аяқталғаннан кейін кеңсе базасында 21 күндік шеберлік сабақтары жалғасуда, – деді Н. Тоғызбаева.

Мектептің ерекшелігі, мұндағы жаттықтырушылар – түрлі проблемаларды жеңген мүмкіндігі шектеулі жандар.

Рекомендовать
Последние новости