БҰҰ Қазақстаннан еріктілер іздеп жатыр

Dalanews 03 февр. 2024 14:44 2737


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БҰҰ халықаралық еріктілерді қабылдайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Волонтерлер ұзарту мүмкіндігі бар 1 жылдық келісім-шартпен Кения, Таиланд және Түркиядағы БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелеріне жолданады. Өтініш берушілердің тәжірибесі мен жасына байланысты жастар және мамандар санатындағы 7 позиция қолжетімді. Волонтерлерді іріктеу бойынша барлық рәсімдер БҰҰЕ регламентіне сәйкес 14 ақпанды қоса алғанда жүзеге асады.



"2019 жылы ҚР үкіметі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы арасында қазақстандық волонтерлердің БҰҰ халықаралық волонтерлері ретінде қатысуын көздейтін келісім жасалған. Бағдарлама әлемдегі тұрақты даму мәселелерін шешуде және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде БҰҰ жүйесінің бір бөлігі ретінде, қазақстандық еріктілердің халықаралық әріптестерімен білім және тәжірибе алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылған", - деп жазды министрліктен.



Осы уақыт ішінде 7 қазақстандық БҰҰ құрылымының әртүрлі бөлімшесінде өздерінің волонтерлық қызметін жүзеге асырды. Келісімшарттары аяқталғаннан кейін 6 қазақстандық ерікті БҰҰ-ның дүние жүзіндегі бөлімшелерінде жұмыс істеуге шақырылды.



Рекомендовать
Последние новости