Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Батыс Қазақстан облысында болған қайғылы жағдай салдарынан көз жұмған бір үйдің 5 баласына мемлекет тарапынан 134 мың теңге жәрдемақы беріліп келгенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетсек, 4 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында жер үй өртеніп, бір үйдің 5 баласы көз жұмған болатын.
"БҚО-да өрт кезінде бес баласынан айырылып қалған отбасы бұған дейін мемлекет тарапынан көпбалалы ана ретінде және 1,5 жасқа дейінгі бала жәрдемақысын алып келген. Жәрдемақылардың ай сайынғы жалпы көлемі 134 мың теңгені құрайды. Бүгіндері бұл отбасыға жергілікті атқарушы орган және қайырымдылық танытушылар тарапынан көмектер көрсетілуде. Баласынан айырылып қалу жағдайына байланысты анаға заңнама бойынша республикалық бюджеттен жәрдемақы қарастырылмаған", - деді вице-министр.
Қазақстанда көпшілік көпбалалы отбасыға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлеміне наразы. Өйткені БҚО-да болған қайғылы жағдай - елімізде орын алған біріншісі емес. Ақша жетпегендіктен, бізде көп баланы үйге қамап ата-ана үйдің бетін көрмей істеуге мәжбүр екені, ақиқат.