БҚО-да убір үйдің балалары газдан уланып қалған

Көркем Алдабергенова 19 дек. 2025 12:42

БҚО-да убір үйдің балалары газдан уланып қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде бір отбасының балалары газдан уланғаны туралы ақпарат тарады.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, улану дерегі туралы мәлімет 112 пультіне жедел жәрдем қызметі арқылы түскен.

БҚО білім басқармасындағылардың айтуынша, балалар қазір дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ал БҚО полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме кейінірек берілетінін мәлімдеді. БҚО денсаулық сақтау басқармасынан ақпарат алу әзірге мүмкін болмады.

Балалардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Өзге мән-жайлар анықталып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости