БҚО-да бухгалтер ауыл әкімінің жалақысынан алимент ұстамай келген

Сағыныш Сардарова 14 мар. 2024 14:14 2437

Батыс Қазақстан облысында ауылдардың бірінде әкімдік бухгалтері әкімнің жалақысынан алимент ұстамай келген. Бұл туралы жергілікті басылым жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

БҚО Әділет департаменті мәліметінше, ауылдық округ әкімдігінің бухгалтері лауазымды тұлға бола отырып, әкімнің жалақысынан алимент ұстамаған. Тиісінше алимент өндіріп алушыға қаражат түспеген.

"Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 мың теңге айыппұл салынды", - деп жазылған мәліметте.

БҚО Әділет департаменті заң барлығы үшін міндетті екенін еске салды. Алименттерді уақтылы ұстамау және аудармау жеке тұлғаларға 10, лауазымды адамдарға 15, заңды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.


Рекомендовать
Последние новости